Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мерекелік күндер аяқталысымен аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері жұмысқа қызу кірісіп кетті. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекітіп берген төрт бағыттың әуелгісі дінімізді насихаттау екендігі баршамызға белгілі. Осы мақсатта аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы әлеуметтік сала мекемелерінің ұжымымымен кездесулер өткізді. Алғашқы болып Д.Жандосұлы «жұмыспен қамту орталығы» МКМ-нің ұжымымен жүздесті. Мекеме ұжымына Д.Жандосұлы дініміз жайлы кең мағлұмат беріп, асыл дініміздің құндылықтарына қарама-қайшы әрекет етіп отырған жат ағымдар жайлы әңгіме өрбітті. Имани кездесу болған келесі мекеме аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімі болды. Жиналған мекеме ұжымына дін маманы ата-бабамыздың Ислам дінін емін-еркін қабылдап, салт-дәстүріміз сабақтастыра білгенін айтып, өмірлік мысалдар келтірді. Ислам сөзіне кеңінен тоқтап, дініміздің бейбітшілікті насихаттайтынын тілге тиек айтты. Кездесу барысында тағы да бір көтерілген өзекті мәселе өзіне-өзі қол жұмсау болды. Әлеуметтік сала ұжымына атқарып жатқан қызметтері қаншалықты сауапты екенін айтып, үлкенге құрмет, жақынға мейірімділік таныту сынды тақырыптарды шолып өтті дін маманы. Мекеме ұжымы күнделікті мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын Д.Жандосұлы дәлелдермен қайтарды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: