Күні кеше Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Теріс ауылындағы орналасқан С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Діни алауыздық мемлекетімізді орға жығады» тақырыбында мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев Алмас, «Жастар орталығы» КММ директоры Н.Сейдалиев және директор орынбасары Ж.Мырзалиев және мектептің 10-11 сынып оқушылары қатысты.Іс шараның мақсаты жастарға діни ахуал туралы мағлұмат беру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алуға шақыру,діни аз топтардың көзқарасы,ұстанымдары,ішкі сыртқы көріністері туралы әңгіме қозғау.Дін қоғамның бөлінбес бөлшегі болғандықтан,ешкім онымен кезікпей,айналып өте алмайды.Әсіресе буыны қатып,ақыл-ойлары толыспаған жас жеткіншектер ауылда болмаса да ,үлкен қалаларға,мегаполистерге барғанда,сөзсіз жат ағымдармен кездеседі.Сол үшін оларды ажырата білу,ата - дәстүрлі дініміздің ерекшеліктерін бағамдау бүгіннен басталуы керек құбылыс болып тұр.Жастар саясатымен айналысатын «Жастар» бөлімі аудан имамдарымен біріге отыра,сол үшін жастарды ақпараттандыру үшін бұл іске бел шеше кірісіп кетті.Жастар діни тақырыптарда,яғни «тауассул», «табарак», «ширк», «күпірлік», «бидағат», т.б тақырыптарда мағлұмат алды. Дін болмысында бар «Иман», «Отан», «Әке-шешені құрметтеу», «Еңбек,талап,білім,өнер» тақырыптарында насихаттар айтылды.Жастар сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауаптар тапты.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы