«Суицид – тығырықтан шығатын жол емес»

«Суицид – тығырықтан шығатын жол емес»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық Балалармен жасөспірімдер орталығында – «Суицид – тығырықтан шығатын жол емес» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.Пікір алмасу ретінде өткен дөңгелек үстелді мектептің педагог-психологы Ақылбекова Зәуре ұйымдастырды.

Оған аудандық мешіттің бас имамы Зият Исаев , Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбаев Жамбыл , аудандық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Мұхаева Роза , аудандық ішкі істер бөлімінің иммуналдық полиция бөлімшесінің бастығы маер Кодеков Талғат және ұстаздар қауымы қатысты. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған пікірталасқа мектеп оқушыларыда қатысты. Себебі, көктем мезгілі жасөспірімдердің күйзеліске ұшырап, суицид көп орын алатын кезі. Сондықтан жиналғандар суицидтің алдын алу үшін қандай шаралар жүргізу керектігін, алдымен, өздері отырып талқыға салды. Келген мамандар жан-жақты пікір алмасты.

Сөз басын мектеп директоры Жашаралы Шыңғыс Жашаралыұлы бастап беріп,Жұмагулова Райхан Батырханқызы «Суицид – тығырықтан шығатын жол емес» тақырыбында баяндамасын оқыды.Оқушыларға суицид –ке байланысты бейне роликтер көрсетіліп , мектептің мұғалімі – Балабекова Мария Зауытбекқызы оқушыларға тренинг жүргізді.


Сөз жалғасын аудандық мешіттің бас имамы Исаев Зият Мадибекович жалғады
- Қоғамда орын алып жатқан өз-өзіне қол жұмсаушылыққа жол берген елдердің ішінде мұсылман еліне жат қылық. Мұсылман қауымында өз-өзіне қол салу деген ұғым болмаған. Шариғат заңдарында адамға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ислам дінінде өз-өздеріне қол салушылардың күнәсі адам өлтіргеннен де ауыр болып есептеледі. Сондықтан Алланың берген сыйын медет тұтып, өмірдің бағытымен ғұмыр кешіп, күйзеліске түскен жандарға көмектесу қажет. Суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізген жөн. Оның емі - иманда. Жүрекке имандылық ұялату - басты шарт. Содан кейін психологиялық және медициналық қолдауда, тез сауығып кету үшін кешенді ем-дом жүргізуде, жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесімен күресуде балалар тағдырына жауапты мекемелер, мектептермен бірлесе жұмыс жасау керек.
Құранда мынадай аят бар: "Сондай иман келтіргендер Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректерің орнығады"-деген. Пенде қандай да бір қиыншылыққа тап болса, бірінші мешітке барады. Сол уақытта еске алады, ауырып, я болмаса түс көрсе ғана мешітті естеріне түсіреді. Яғни, рух ерікті түрде адамды мешітке апарады. Дүниелік нәрселермен рух тынышталмайды, ал мешітке барып, құран оқытса жаны рахат табады. Ол көрінбейді. Көрінбегенімен жан рахатына себепші болады. Сондықтан суицидке жол бермес үшін ғұмырымыз дінмен тығыз байланысты болу керек.
Иман келтіріп, намаз оқу жаман қылықтарды тыяды.Төзімділікке шақырады, қиыншылықтарға сабырмен қарауды үйретеді- деп сөзін қорытындылады.

Кезекте келген қонақтар суицитке қарсы алдын алу шараларын айтып,өз ойларын білдірді.Оқушылар келген қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын ала отырды.

Ә.Сүйіндік

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: