Оқушылармен кездесулер

Оқушылармен кездесулер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының жергілікті ақпараттық-насихат топтары асыл дініміздің құндылықтарын уағыздауда. Аталмыш топтың ұйымдастырыуымен балалар мен жасөспірімдер өнер мектебінде дін тақырыбында кезекті кездесу өтті. Кездесуге арнайы аудан имамы Ә.Шалбай, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Д.Сүйімбаев және оқушылар қатысты. Аудан имамы Ә.Шалбай мырза жастарымызға Ислам дінінің құндылықтарын айтып, жат ағымдар жайлы сөз қылды . Жат ағымдардың ұстанымдары мен негізгі қателіктеріне тоқталып өтті. Бас имам экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің баршасы Ислам дініне жат әрекет екендіктерін түсіндіріп, дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарда түсіндіріп өтті.Кездесу барысында экстремизм жайлы деректі фильм көрсетілді.

Осындай кездесу Ноғайбай ауылындағы №35 Р.Конакова атындағы орта мектепте «дін және жастар» атты тақырыпта өтті. Жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, мектеп директоры Р.Сатқынбаева, «Дүйсенбі Халфи» мешітінің молдасы Б.Сулиев, жастар инструкторы Р.Абдрахимова және 5-11 сынып оқушылары қатысты. Дәуренбек Жандосұлы жиналған мектеп оқушыларына дін және ислам сөздеріне түсініктеме беріп, дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп өтті. Жас ұрпақтың санасына имандылықты ұялату болашақты кепілдікке алумен пара-пар екені белгілі. Сондықтан кездесуге қатысқан оқышыларға тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдетерден аулақ болуды, елдің ұлтжанды азаматы болып және діндар тақуа мұсылмандардан болуға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: