Шарапаты мол ізгі күн

Шарапаты мол ізгі күн

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген сөз бар. Бұл табиғат анаға деген халықтың шынайы ықыласынан туса керек. Демеушілер бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінің ауласына егу үшін шырша көшетін алып келді. Мешітіміздің бас имамы Данияр Жұмабаев осы шырша көшеттерін мешіт ауласына отырғызды. Мешітіміздің көркеюіне үлес қосып жүрген демеуші азаматтарға алғысымызды айтамыз.

Сондай-ақ, көктемге шуағын ала кірген ұлыстың ұлық «Әз-наурыз» мерекесіне орай ардагерлер үйінде киелі ақ дастархан жайылып, наурыз көже пісірілді. Бас имам Құран оқып дұға етсе, ақсақалдарымыз батасын берді. Күміс көмей апаларымыз ақ жаулығы желбіреп ән шырқаса, ағаларымыз жылы лебіздерін білдіріп жатты.
«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» деп дана қазақ айтқандай, бес бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты қайсар анаға орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен көмек көрсетілді. Үйге қажетті азықтары толығып, жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер мен ұлты орыс болса да, діні мұсылман ана шын жүректен алғысын білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: