«Дін жастардың көзімен»

«Дін жастардың көзімен»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылдық жасалған жоспар негізінде 2015 жылдың 17 наурызында № 5 Ломоносов орта мектебінде аудандық жастар орталығының,округтік жастар ісінің нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Дін жастардың көзімен» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Іс-шараға Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев А,Жастар орталығының директоры Н.Сейдалиев, Жастар орталығының директорының орынбасары Ж.Мырзалиев, округтік жастар ісінің нұсқаушысы Н.Арипов, № 5 Ломоносов орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,мектеп психологтары,мектеп оқушылары ,барлығы шамамен 100 тарта кісі қатысты.

Кездесуді жастар орталығының директоры Н.Сейдалиев жүргізді. Н.Сейдалиев біршама сөз сөйлеп,сөз кезегін Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев А ұсынды.Өз кезегінде сөз сөйлеген аудан имамы дін туралы барлық мәліметтерді қамтып,дін атын жамылған секталардың ,діни экстремизммен терроризмді сенім ұстындарына айналдырып алған діни ағымдардың мағынасын түсіндіріп,олардың кері әсерлерін атап өтіп,олардың қоғамға тигізер зарарларын жастарға түсіндіріп берді.Сөз сонында жастарды жақсы білім алуға шақырды және де округ жастарының қойған сұрақтарына жауап берді.
Келесі сөз кезегін аудандық жастар орталығының директорының орынбасары Ж.Мырзалиев ұсынды. Ж.Мырзалиев ауданда жастармен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәліметтер айтып өтті.Бұл іс-шараны Жастар орталығының директоры Н.Сейдалиев қорытындылап, Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев А жастардың атынан алғысын білдірді.

Жамбыл облысы
Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: