«Кәмілетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» дөңгелек үстелі өтті

«Кәмілетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» дөңгелек үстелі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Өнер және қосымша білім беру» мектебінде Суицидтің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.Мектептің психологы Қасабекова Рита келген қонақтармен таныстырып өтті. Кездесуге Мойынқұм аудандық мешіттің бас имамы Зият Исаев,Нұр Отан партиясының аудандық филиалдың төрағасының бірінші орынбасары Сейдалиев Мақсат,аудандық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Мұхаева Роза,аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Тойшыбеков Әбдікерім,аудандық ішкі істер бөлімінің имуналдық полиция бөлімшесінің бастығы маер Кодеков Талғат және мектептің мұғалімдері қатысты.Сөз басын мектеп директоры Садуақасов Сержан Қалқаманұлы бастап,- Өзіне-өзі қол салу термин тілінде "суицид" деп аталады.

Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл-қыздардың арасында кездеседі. Оның даму жолдарына жалғыздық, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тыйым салуы, ата-ана арасындағы түсінбеушілік, қызметкер мен басшы арасындағы келіспеушілік, оқушы мен ұстаз арасындағы шиеленіс, отбасындағы әлеуметтік ахуал, құрбылар арасындағы қатынастың нашарлауы, еркіндік бермеу және тағы басқа себептерді жатқызуға болады. суицид мәселесімен күресуде балалар тағдырына жауапты мекемелер, мектептермен бірлесе жұмыс жасау керек , Бұндай келеңсіздік орын алмасын десек, жұмыла атсалысқанымыз жөн. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деп сөзін қорытындылады.
Психолог Қасабекова Рита «Суицид-қорқынышты қауіпті қадам» тақырыбында баяндамасын оқып,шағын бейнебаянын көрсетті.
Сөз кезегін аудандық мешіттің бас имамы Исаев Зиятқа беріліп- мұсылман қауымында өз-өзіне қол салу деген ұғым болмаған. Ал еліміздегі болып жатқан келеңсіздік біздің қаншалықты мұсылман екеніміздің көрінісі. - Жалпы адам - жан мен тәннен құралған тіршілік иесі. Тәннің қажеттілігі ұйқы, тамақ және тағы басқалары болса, ал жанның қалауы рухани құндылық. Күнделікті тән қажеттілігіне тамақтанған секілді, жанға да рухани азықты күнделікті талап етеді. Рухымыз рухани тұрғыда азықтанбаса, онда біздің қоғам аш болады. Өйткені адам қоғамның бір бөлігі. Сол үшін физикалық жағдайдағы қиыншылықтарға рухани азықтың аздығынан адамдар төтеп бере алмауда. Рухтың азығы тамақ жеумен толықсымайды, ол үшін пенденің Құдайға деген сенімі, намаз оқуы, ораза ұстауы керек. Осы нәрселер адамның түрлі жағдайдағы кедергілерге қарсы тұруына анық көмектеседі. Қасиетті Құранда айтылған: "Өз-өздеріңді өлтірмеңдер және оған апаратын бұзықтыққа бармаңдар. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді"- делінген. Адамның өз-өзіне қол жұмсауы - үлкен күнә, одан пенде күнаһар болады дегенді айтып отыр. Осы күндері білім ошақтарында тәрбие сағаттары өтеді. Сол уақытта дін өкілдерін шақырып, оқушылармен кездесулер ұйымдастырылса, суицидтің болмауына үлес қосылатын еді.Ол жерде сабырлылық, ұстамдылық қасиеттерін қалыптастырудың алғы шарттары насихатталады. –деді,кезекте келген қонақтар суицитке қарсы алдын алу шараларын айтып,өз ойларын білдірді.
Мектеп мұғалімдері өз көкейлерінде жүрген ойларын,сұрақтарын айтып – тиісті жауаптарын алды.

Сүйіндік Ә

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: