ҚМДБ-ның имамдар алдына қойған міндеттерінің бірі теріс ағымдармен күрес екені белгілі. Осыған байланысты Шу қалалық «Жами» мешітінің бас имамы Қ.Үрпеков әруақытта теріс ағымдармен күресу және оны халық арасында оның ішінде әсіресе жастарға жеткізу жұмыстары жіті қадағалануда.
Осы мақсатта қаладағы жоғары сынып мектеп оқушыларымен кездесу өткізіліп тұрады. Соның бірі С.Сейфуллин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің молдасы М.Көкрекбаев қазіргі таңда басты мақсат еліміздің тыныштығын сақтау болып табылады, ал ол үшін ауыз бірлік қажет қазақта «Бөлінгенді бөрі жейді» деген, ұлағатты сөз бар сондықтан елімізде бағытымыз Ханафи мәзхабы бойынша бір бағытта болсақ, жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін, асыл дініміздің қасиеттерін бойымызға сіңіріп алуымыз қажет деді.
«Айтқұл баба» мешітінің имамы Ш.Қамаубаев алдағы келе жатқан ҰБТ-ға дайындықтарыңыз сәтті болғай деп, ең бастысы қандай нәрсе болсада, сабырлық қажет атамыз қазақ «Сабыр түбі сары алтын» демекші, біз төзімді болсақ өмірдің қиындықтарын жеңе білеміз, ҰБТ-дан сүрінсекте онымен өмір тоқтап қалмайды, сондықтан да Алла алдағы сынақтардан сүрінбей өтуді нәсіп етсін.
Шу қалалық «Жами»
мешітінің баспасөз қызметі