Ақиқат іздеген жүрекке Алла ақиқатты нәсіп ететіні сөзсіз. Бүгінгі күндері әлемнің түкпір-түкпірінен әр ұлтты, әр нәсілді, ғалымдардан бастап, қоғам кайреткерлері түрлі мамандық йелері Алланың қалауымен Ислам дінін қабылдауда. Міне бүгінде аудандық «Қордай» мешітінде осындай қуанышты жағдай орын алды. Мешітімізге орыс ұлтты Наталья есімді қарындасымыз келіп Ислам дінін қабылдағысы келетіндігін жеткізді. Аудандық мешіттің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы дін қабылдаушы қарындасымызға Исламның негізгі қағидасы бір Аллаға құлшылық жайлы түсіндіріп, Исламның бес парызы мен иманның шарттарымен түсіндірді. Калима шәһәдатты Наталья қарындасымызға айтқызып, мұсылмандардың, соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетіне қосылуымен құттықтады.Жамағатпен байланысты үзбей, Ислам жайлы тереңірек білім алуға шақырды. Міне осылайша Наталья қарындасымыз ақиқатпен қауышты.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі