Мектептегі кездесу

Мектептегі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты, елге танымал ақын Кенен Әзірбаевтың туған ауылында кезекті имани кездесу өтті. Кездесу Кенен ауылындағы №42 Е.Қашағанов атындағы мектеп қабырғасында болды.

Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы, «Кенен» ауылдық мешітінің имамы С.Рахимов, ауыл әкімінің орынбасары Б.Сабанова, мектеп директоры Ғ.С Байгелова, орынбасары М.Жамангөзөва, ЖӨІЖ полиция инспекторы, капитан Ә.Шакирова, ауыл тұрғындары, ата-аналар және 5-11 сынып аралығындағы оқушылар, жалпы саны 200 жуық адам қатысты.

Кездесу «тәрбие-тал бесіктен басталады» атты тақырыпта болды. Алғашқы болып сөз алған дінтану пәнінің мұғалімі Б.Нүкбаев дінаралық келісім, діндер тарихы жайлы кең көлемді баяндама жасады. Келесі баяндамашы болған полиция инспекторы Ә.Шакирова жасөспірімдер арасындағы қылмыс жайлы сөз қозғап, жаңа күшіне енген қылмыстық және әкімшілік кодекстер жайлы мәлімет берді. Ауыл имамы С.Рахимов өз кезегінде дін сөзіне түсініктеме беріп, Ислам жайлы сөз қозғап, асыл дініміздің құндылықтарына тоқталды. Ауданымыздың наиб имамы Д.Жандосұлы дін негізінде өрбіген салт- дәстүрлерімізге тоқталып, қыз баланың ерекше тәрбиесі жайлы сөз қозғап, дәстүрімізден үлгілер көрсетіп Ислами тәрбие тетіктерін түсіндіріп, жеткіншектер арасындағы жүктілік тақырыбына тоқтап, зинақорлықтың зардабы жайлы айтты.

Д.Жандосұлының келесі көтерген тақырыбы еліміз бойынша, оның ішінде аталмыш ауыл жастарының арасында белең алған өзіне-өзі қол жұмсау, яғни суицид жайлы уағыз айтып, Алла уәде еткендей әрбір ауырлықтан кейін жеңілдік болатынын түсіндіріп, нақты азаматтардың өмірінен үзінді айтып, суицид тығырықтан шығар жол емес, қайта тығырықтың дәл өзі екенін ескертті.Мектеп оқушыларын білім алуға шақырып, білімменен және ата-ананы қадірлей отыра түрлі қиындықтарды жеңуге болатынын түсіндіріп, еліміздің нұрлы болашағына еңбек етуге шақырды.

Д.Жандосұлы мектеп басшылығының өтінішімен тек ата-аналардың қатысыумен өткізілген жиында «Әкенің балаға қалдырған ең жақсы мирасы-жақсы тәрбие»-атты Алла елшісінің хадисі төңірегіндегі уағыз айтып, имани тәрбие жайлы сөз қозғады. Мұхаммед (с.ғ.с) бала тәрбиесіндегі үлгі болар өнегелерін айтып, ата-аналарды балаларымыздың рухани тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды. Жиынға қатысушылар ұйымдастырушыларға өз разылықтарын білдіріп тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: