Дін істері басқармасының басшысы мен ҚМДБ-ның өкіл имамы Меркі ауданында іс-сапарда болды.

Дін істері басқармасының басшысы мен ҚМДБ-ның өкіл имамы Меркі ауданында іс-сапарда болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі жеріне, діни ахуалды және имам-молдалармен жүзбе-жүз көрісу мақсатында жаңадан тағайындалған облыстық әкімшіліктің діни істері басқармасының басшысы Омаров Жанкелді Жайлауұлы, осы басқарманың бөлім меңгерушілері, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр Алимұхамедұлы іс-сапармен келді.

Діни істер басшысы жалпы облыс көлеміндегі дін мәселелеріне тоқталып, Меркіге келер алдында Қордай ауданында болғанын айтты. Жалпы қай саланы алсаңызда кемшілік тұстары болып жатады, дін саласы өте нәзік екендігіне тоқталып, мемлекеттік саясат және дін мәселесін қозғап, саясатшылар дінге, дін қызметкерлері саясатқа араласпауы керек, бірақ екеуінің де көздеген мақсаты бір-ел игілігі, бірлігін сақтау. Басқа аудандарға қарағанда сіздердің аудан қырғыз ағайындармен шекаралас, өте сақ болған жөн, өйткені таблиғи жамағат бізде заңмен тыйылса ал қырғыз елінде заңды түрде тыймаған. Бұл жамағат шекара асып сіздердің мешіттеріңіздің жамағатына өз уағыз-насихатын айтып жүрмеуі керек-деген басқарма басшысы имам-молдалардың сұрақтарына жауап берді.

Сөз кезегін алған облыстық өкіл имам Данияр қажы, имам-молдаларға мына нәрсені ескертті. Сұрақ қойғанда, діни қызмет барысында өздігінен шеше алмайтын мәселе және ұсыныстарыңыз болса айтсаңыздар болады. Негізінде имамдар өздеріңіз тұратын елді-мекен азаматтарына жауаптысыздар, сіздер оларға үлгі болуларыңыз керек. Өкіл имам «Ислам-бейбітшілік пен келісім діні» атты республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар жайында сөз қозғады. Онда жаңа заман имам-молдаларының келбеті, тұлғасы қандай болуы керектігіне тоқталды. Сіздер өздеріңізді жан-жақты  дамытып, уағыз-насихаттарыңызда еліміздің тарихымен, салт-дәстүріміз бен дініміздібен сабақтастырып, насихаттауларыңыз керек- деді.

Өкіл имамның іс-сапары аудан орталығындағы «Жақсымбет» мешітінде жалғасып, жұма намазына жиналған жамағатпен кездесіп, уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Сапарының соңында діни басқарма басшысы Ж.Омаров және өкіл имам Д.Жұмабаев аудан имам-молдаларына қызметтеріне табыс тілеп, елдің елеулісі, халықтың қалаулысы болуға тырысып, қызмет жасаңыздар деп көрші Т.Рысқұлов ауданына жүріп кетті.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: