Дін істері басқармасының басшысы мен Өкіл имамның Қордай ауданына іс-сапары

Дін істері басқармасының басшысы мен Өкіл имамның Қордай ауданына іс-сапары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облысымыздың дін істері басқармасының жаңа тағайындалған басшысы Ж.Ж .Омаров облысты аралауды мешіт көп шоғырланған және әлеуметтік-экономикалық жағынан алдыңғы қатардағы Қордай ауданынан бастады.

Ж.Омаров мырзамен бірге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Ә.Жұмабаев Қордай ауданында іс-сапармен болды. Лауазымды қонақтардың бірінші болып ат басын тіреген жер аудандық «Қордай» мешіті болды.

Ж.Омаров мешіт ғимаратымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Іс-сапар барысында өкіл имам Д.Жұмабаев және басқарма басшысы Ж.Омаров Қордай ауданы бойынша қызмет етіп жатқан имам-молдалардың арнайы жиналысына қатысты.

Ж.Омаров имам-молдалардың қоғамдық пікір қалыптасуына әсер ете алатын тұлғалар екенін айтып, қызмет бабындағы кейбір мәселелерге тоқталып өтіп, имамдардың жауапкершілігін ерекше атап өтті. Өкіл имам Д.Жұмабаев өз кезегінде ҚМДБ тарапынан өткізілген 1-ші имамдар форумы жайлы сөз қозғап, қабылданған маңызды құжаттар жайлы әңгіме өрбітті.

Оның ішінде имамның тұлғалық келбеті атты құжаттағы мәселелерге жеке тоқтап, осы құжаттар аясында қызмет етуге шақырды. Өкіл имам сөзін жалғастыра келе, еліміздегі мешіттердің біреуі жат ағымдардың қарамағына өтпей, баршасы ҚМДБ аясында жұмыс істеп жатқандығын айтып, бұл жетістік имамдардың қажырлы еңбегінің себебінен екенін айтып, дін қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. Жиын барысында ауыл имамдары құрметті қонақтарға түйткілді сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды. Имамдардың жиыны әрі қарай «зайырлылық» атты дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары ұйымдастырған семинар-тренингке ұласты.

Өкіл имам Д.Ә.Жұмабаевтың және Ж.Омаровтың іс-сапары Масаншы, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарында өз жалғасын тапты. Жанкелді Жайлауұлы және Данияр Әлимұхамедұлы Масаншы ауылындағы «Қарилар дайындау орталығының» ғимаратының пайдалануға беру мүмкіндіктерін бағалап, кейбір олқылықтарды түзетуге қосымша уақыт берді. Сортөбе ауылындағы «Мисбахуль Ислам» мешітінде болып, аталмыш мешіт жанынан қосымша оқу орталығын ашу мүмкіндіктерін қарастырып, Бұлар батыр елді мекеніндегі құрылысы жүріп жатқан мешіт ғимаратымен танысты. Іс-сапар әрі қарай аудан орталығында өз жалғасын тапты. Іс-сапар қорытындысы бойынша Ж.Омаров және өкіл имам Д.Ә.Жұмабаев аудан азаматтарына біршама тапсырмалар міндетті.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: