Алланың үйі әрқашан таза болуы тиіс. Тараз қаласы « Құлбай-баба» мешітінде бас имам Талғат Асанұлы және жамағат болып көктемнің алғашқы күндерінен ақ «Тазалық иманнан» деген тақырыпты қозғап, оны тек сөзбен емес іспенде көрсетуге ат салысты. Жамағаттағы жастардың басын қосып мешіттің ауласын сыпырап және айналасын тырмалап тазалап , Сүлеймен көшесінің тұрғылықты халқына ең бірінші болып көктемдік сенбіліктің басталуына үлгі болды.
Сонымен қатар «Құлбай- баба» мешітінің артындағы алаңқайға 150-200 жуық адамдарға өткен Мауліт айы мен әрі алдағы келе жатқан Наурыз мерекесіне дастархан ұйымдастырылуда. Көше әкімі тұрғылықты халық мешіт имамымен бірге әр жылы бұл іс шараны үзбей атқарып келед. Алла алдағы қазақтың Наурызын шырайлы етсін !