Жұма күні Шу қаласындағы «Ы.Алтынсарин» атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары мен кездесу өткізілді. Кездесуде сөз болған ата - анаға құрмет көрсету, керек екенін, олардың разылығынсыз бақытқа жету қиын, екенін жеткізді.
Ислам діні экстремизм мен тероризмге қайшы екендігін түсіндіру мақсатында «Айтқұл баба» мешітінің имамы Ш.Қамаубаев және «Жами» мешітінің устазы П.Нұрмағанбетов уағыз насихат жүргізді.
Бірінші болып сөз алған Ш.Қамаубаев Ислам діні ол бейбітшілік діні. Ислам діні бізге өз отанымызды сүйуге, өз басшымызды құрметтеуге шақырады. Сол үшін кандай жағдай болмасын өз елімізді, өз басшымызды құрметтейік. Егер кандайда бір сұрақтар мазаласа тікелей мешіт имамдарынан сұраңыздар деп сөзін аяқтады.
Одан кейін сөз алған «Жами» мешітінің ұстазы П.Нұрмағанбетов ең бірінші Алланың разылығы одан кейін ата- ананың разылығы деп сөзін бастап, Аллаға шүкіршілік етіп, ата- анаға жаксы караңдар. Өйткені біз ең бірінші Алланың қалауы мен екінші ата- ананың арқасында бұл өмір есігін аштық. Тек қана 8-ші наурызда емес басқа барлық күндері анамызды қуантып, оларға сыйлық беріп жүруіміз керек. Олар қартайса да біз оларға жылы қабақ танытып әрдайым қол ұшымызды беріп жүруіміз керегін айтты.
Шу қалалық «Жами»
мешітінің баспасөз қызметі