Ислам діні –ақиқаттың ізгілікпен кешірімділіктің діні.Ал ең бастысы,террозимнің діні жоқ екендігі ешқандайда талқылауға негіз емес.Жер жүзінде аз ғана тобыр дін атын жамылған бұзғыншы топтың кесірінен асыл дініміз Ислам қай қырынан жарнамалануда? Өзгенің қаңсығын таңсық көріп,өзгеге бас ұра еліктеп жүргеніміз,қараңғы түнекке ұйықша тартып әкетіп жатқан аты да заты да белгісіз жат діндермен секталардың жетегінде жүрген қаракөздеріміз бен айдың күннің аманында Сирияға аттанған «псевдо жихадшы» бауырларымыз осы теріс жарнаманың жемісі деп білеміз.
Ешбір дінге де ұлтқа да қатысы жоқ қорқыныш пен үрей сыйлайтын «террор» деген сұмдыққа елімізде 18.02.2005 күні «Экстремизм қарсы іс қимыл туралы» заң қабылданған еді.Осы заңды атқару бағытында аудандық құқық қорғау органдары,аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімдері дәстүрлі діннің аудандағы ресми өкілдерімен біріге жылдық жоспарлар жасаған еді.
Сол жоспар бойынша күні кеше аудандық кітапханада ,кітапхана бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен «Экстремизм,терроризм – көпшілікке зиян» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелге ішкі істер бөлімінің діни экстремизмге қарсы жұмыс атқарар мамандары Наргелов Р,ішкі саясат бөлімінің мамандары Сейдахметов Н ,аудан имамы Кенжемолдаев А ,кітапхана қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.
Мамандар өз тақырыбтарында ой пікірлерін білгендерін ортаға салды.Соңы сұрақ жауапқа айналып,сөз соңы осымен қорытындыланды.Имансыз адам отанның да діннің де қадірін білмейді.Сол үшін де дінді нәпсісінің ермегімен қолжаулығына айналдырады.Отанымыз тәуелсіз Қазақстан.Ол біреу-ақ.Осы еліміздегі егеменділік,тыныштық,ауызбіршілік бұл Алланың сыйы.Сау ақылмен таза жүректің діні ата-бабамыздың асыл қазынасы Исламның қадір қасиетін бағамдай білейік.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы