Жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстримизмнің алдын алу және түрлі діни ағымдардан қорғау мақсатында ҚМДБ-ның жалпы және жастар бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Ержан Аманбаев Байзақ, Жуалы, Т. Рұсқұлов аудандарында, сондай-ақ, ҚМДБ-ға қарасты облысымыздағы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Таңат Кеңесбайұлы Шу, Меркі, Мойынқұм аудандарында АНТ құрамына дәстүрлі діни құндылықтарын насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Атаулы іс-шараға жастар мен жасөспірімдер, колледж студенттері мен 8-11 сынып оқушылары, аудан тұрғындары, әкім және орынбасары, учаскелік полиция қызметкері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, имам, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, қоғамдық белсенді азаматтар, жастар орталығының қызметкерлері, еңбек ұжымдары, аурухана қызметкерлері, ірі-шағын мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі