Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Тараз қаласына іс-сапармен келген Моңғолия мүфтиі Батырбек қажы Қадысұлын қабылдады.
Кездесуде Батырбек қажы мешіт пен медресені аралап, жалпы мешіт тынысымен танысты.
Баян-Өлгей аймағынан келген қонақ «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен және ұстаздарымен де кездесіп, шәкірттерге осындай медереседе білім алып жатқандарын мақтан тұтуларын және дін жолында ерінбей, аянбай еңбек ету керек екендігін айтты.
Батырбек қажы Қадысұлы діни сауатын алғаш рет Жамбыл облысының Меркі ауданында ашқан. Түркістан қаласына жасаған сапарынан кейін Тараз жеріне келіп отыр. Ендігі сапары Меркі ауданында жалғаспақ.
Батырбек қажы өз сөзінде осы өңірге 23 жылдан кейін ат басын бұрып отырғанын да айтты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі