Тұңғыш өткен имамдар форумы жөнінде сөз етілді

Тұңғыш өткен имамдар форумы жөнінде сөз етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2015 жылғы 19-ақпанда Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен тұңғыш рет І Республикалық имамдар форумы жоғары деңгейде өткізілген болатын. Форумда «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар бірауыздан қабылданды.

Форумға ҚМДБ-ның еліміздің түпкір-түпкірінен келген бес жүзге жуық имамдар,еліміздің танымал тұлғалары мен дін мамандары жиналып, сондай-ақ форумның қонағы ретінде ҚР Парламенті сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, шет мемлекеттердің исламдық діни ұйымдарының басшылары, өзге діндерінің өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың имамдар форумы қатысушыларына арнаған құттықтау хатын ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев жеткізді.


Осы форумға қатысып келген Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев ауданға қарасты ауыл молдаларына жиналыс өткізді, «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту бағдарламасымен және жоғарыда айтылған 4 маңызды құжаттар жөнінде жеке-жеке тоқталып кеңінен түсіндіріп өтті.
Ауыл молдалары осы ҚМДБ-ның жүйелі жұмысын қолдап, дәстүрлі дінді дұрыс ақпараттандыруға көп әсерін тигізетіндігін айтып, бұл тұжырымдамаларды қолдауға әбден лайық екенін айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: