Қордайлықтардың форумнан кейінгі тағылымы

Қордайлықтардың форумнан кейінгі тағылымы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінде қалыптасқан әдет бойынша аудан бойынша қызмет ететін ауыл имам-молдалары кезекті бас қосуға жиналды. Жақында ғана ҚМДБ-ның басшылығымен тұңғыш рет І-ші Республикалық имамдар форумы өтіп, дін саласындағы өзекті оқиға болғаны баршамызға мәлім.

Айтулы форумға барып қайтқан Қордай ауданының бас имамы Әбдужалил Шалбай форумның өткізілгені жөнінде халыққа кеңінен насихаттау мақсатымен ауданымыздағы ақсақалдарымызды мешітке арнайы шақырды.

Аудан бойынша қызмет етіп жатқан ауыл имамдарымен қатар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сүйінбаев Дабылбай және Қордай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қасенов Тұрсын ақсақалдар қатысты. Басқосу барысында бұрын-соңды болмаған форум жайлы, өткізілгендегі мақсаты, ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» сынды маңызды құжаттардың мазмұны кеңінен түсіндірілді. Ә.Шалбайдың «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты еңбектер бойынша баяндама жасады.

Бас имам баяндамасын мұқият тыңдаған Дабылбай ақсақал аталмыш құжаттарға жоғары баға беріп, әлеуметтік жағынан қорғалмаса да қырыуар шаруа атқарып жатқан имамдардың еңбегіне өз алғысын білдірді. Тұрсын ақсақал да сөз алып, имамдардың басты міндеті қоғамды оның ішінде жастардың тәрбиесін оң әсер ету керектігін ерекше атап өтіп, осы бағыттағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдымызда әлдеде атқарылар шаруа көп екенін айтып, өскелең ұрпақтың тәрбиешісі интернет емес, имам болу қажеттігін айтты. Мешіт имамдарының жұмыстарына өз тараптарынан көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді кеңес төрағалары.

Бас имам жиналған қазыналы қарттарымызға шынайы алғысын білдіріп, «дін мен дәстүр» кітабын сыйға тарту етті. Имамдар құрамына Ә.Шалбай «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Имамның тұлғалық келбеті» құжаттар бойынша кеңінен түсіндірме жүргізіп, қабылданған құжаттар аясында қызмет ету тапсырылды. Қордай ауданының имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы хазреттің бастамасын бір ауыздан қолдап, берілген жүктемелердің оң екенін жеткізді. Отырыста «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында өткізілген форум елімізге, дәстүрлі дінімізге береке-бірлігін ала келсін деген ақ ниетпен бата жасалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: