Діни үгіт–насихат тобы №48 орта мектебінде

Діни үгіт–насихат тобы №48 орта мектебінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда техникалық ақпараттардың заманауи жетістіктері даму үстінде. Кез-келген адам баласына қажет дүниелік жаңалықтарды оңай, интернет арқылы алып отырады.

Соның ішінде діни мәселеге байланысты мәліметтер ақпараттандырады. Ақ-қарасына көңіл бөлмей, діни сауатсыздықтардың салдарынан әсіресе жас буындағы жастарымыздың арандатушылардың құрығына түсіп қалып жатады.

Жалындай тұрған жастарымыздың рухани дүниесіне жаман қылықтар тарамау мақсатында, тағы да үгіт-насихат тобы №48 орта мектебінде болып қайтты. Бұл жолғы кездесуге "Жүніс молда" мешітінің имамы Дастан Жақсымбетұлы, ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, жастар тәрбиесі жөніндегі бөлім полиция қызметкерлері өз қызметтерін көрсетті.

Дін мәселесі жайында өткен жиынға 9-10-11 сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Дастан Жақсымбетұлы бірінші кезекте дәстүрлі Ислам дініміздің құндылықтары жайлы әңгімеледі. Әлемде болып жатқан түрлі қақтығыстардың дінімізге ешқандай қатысы жоқ екеніне тоқталды. Ислам діні – ынтымақ пен бірлік, бейбітшілікті жақтайтын дін деп қадап айтты. Жат ағымдар жайында түсініктеме беріп, жастар тәрбиесі, білімнің қажеттілігі, ата-анаға құрмет, салт-дәстүр жайлы сөз қозғады. Соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жиынның тартымды өткеніне куә болдық.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: