«Әулие-ата» мешітінде Республикалық имамдар форумы арнайы таныстырылды

«Әулие-ата» мешітінде Республикалық имамдар форумы арнайы таныстырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордамыз Астана қаласында Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйтқы болуымен елімізде тұңғыш рет Ислам бейбітшілікпен келісім діні атты Республикалық имамдар форумы өткізілгені мәлім.

Соған байланысты Тараз қаласының бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы қала имам,  молдаларына арнайы жиналыс өткізді.

Бұл жиналыста ҚМДБ-ның өткізген форумының негізгі тұсы-“Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы”, “Имамның тұлғалық келбеті”, “Мұсылманның тұлғалық бейнесі”, “ҚМДБ- қызметкерінің этикасы” атты қазіргі таңдағы дін қызметкерлеріне және елге керекті ең маңызды құжаттардың қабылданғаны туралы кеңінен айтылды. Жиналыс барысында қала имам молдаларына бірқатар тапсырмалар берілді. ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды дер кезінде орындау, мешіттің құжаттарын ҚМДБ-ға тіркеу, мешіттің тазалығы, имамдардың намаз уақытында мешітте болуы, 4 – бағыт бойынша тапсырманы жақсы орындау сол сияқты бірқатар тапсырмалар берілді. Жиналыс соңында жасы үлкен қариямыз батасын беріп алдағы уақытта имамдардың жұмысына сәттілік тіледі. Кейбір имам молдаларға арнайы ескертулер де жасалды. Алдағы уақытта Аллах – Тағала барлық істерімізді қайырлы қылсын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: