Шәкірттерге арнайы сертификат табысталды

Шәкірттерге арнайы сертификат табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білімдінің қолында алтын шырақ деп дана халқымыз тегін айтпаған болар. Пайғамбарымыз (с.ғ.) өсиетінде де - тал бесіктен жер бесікке дейін ілім іздеңдер деген. Осы орайда Тараз қаласындағы сауат ашу курстарында оқып жатқан шәкірттерімізге арнайы сертификат берілді.

Атап айтатын болсақ «Әулие-ата», «Шәкіржан», «Рахман-Рахим», «Хазрет-Әли», «Нәметбай» мешіттеріндегі жақсы оқыған шәкірттерімізге білімдерін одан ары қарай шыңдай түсу мақсатында Тараз қаласының бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы және «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Ақмамбетов Асхат Аманжолұлы арнайы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Тараз қалалық мешіттері жанындағы сауат ашу курсында білім алып, жақсы көрсеткішпен  тәмәмдағаны үшін сертефикат табыстады.

Алдағы уақытта білімдерін бұдан да шыңдай түсулеріне сәттілік тіледі. Баршамызға Аллаһ Тағала пайдалы ілімдерден нәсіп етсін.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: