І Республикалық имамдар форумы насихатталды

І Республикалық имамдар форумы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2015 жылғы 19-ақпанда Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен тұңғыш рет І Республикалық имамдар форумы жоғары деңгейде өткізілген болатын. Форумда «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар бірауыздан қабылданды.

Келешекте діни еңбекке тың серпіліс беретін бұл құжаттарды ауызша түсінікті түрде ауыл молдаларына таныстыру аудан имамдарына жүктелген абыройлы міндет еді.Осы бағытта Жамбыл облысы Жуалы ауданы орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде күні кеше ауыл молдаларының жиналысы өтті.Жиналыстың басынан аяқ негізгі тақырыбы осы форумда қозғалған мәселелер төңірегінде өрбіді. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы»,яғни біздің ұстанатын сеніміз,мазхабымыз,отан,ел,ата-ана,отбасы алдындағы борышымыз.

ҚМДБ қызметкерінің этикасы дегенде,мемлекеттік қызметкерге тән,ар-намыс кодексі сияқты,болмысымызда табылуға тиісті құндылығымыз,мінез-ақылағымыз,Алла алдындағы ар алдындағы жауапкершілігіміз деп түсіндірілді. Имамның тұлғалық келбетімен, Мұсылманның тұлғалық бейнесін қоса айта отыра,осы қасиеттерді әрбір мұсылман бойға жинақтау керектігі,әсіресе діннің әуелгі көрінісі болған имамдар бәрінен де жетік меңгеруі керектігі сөз болынды.Себебі бұл арқылы келешекте дін кемелденеді.Әрбір адамның діні өзгеден емес,өзінен бастау алады.Өзін өзгерткен адам өзгені де,тіпті тұтас қоғамды да өзгерте алады.Өз болмысында дінің кемелдене түссе,өзгенің өміріне де көп әсер етесің.

Сол үшін де бұл құжаттар салихалы І Республикалық имамдар форумында бірауыздан дер кезінде қабылданды.Әрбір имам,әрбір мұсылман осы көрсетілген тұлғалық қасиеттерге ие болса,таза дін еңбегін ыждахатпен атқарған болады.Жат ағым,жат үрдіс өзінен де өзі жойылып кеткен болар еді.Жиылыста молдалар осы тақырыптарда өз ой пікірлерін білдірді.Кеңінен халыққа түсіндіріп беру үшін,аудан имамы Кенжемолдаев.А молдаларға осы құжаттарды зейін салып,оқуды бұйырды.Түсінгенін елге жеткізіп,үйретуді міндеттеді.

Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: