Мұсылман бауырларымыз, соның ішінде Меркі жерінде тұратын жұртшылық дін мәселесі қозғалғанда оған көңіл бөлмей отырмайды. Соның бір айғағы- дініміздің жанашыры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңұйытқы болуымен алғаш рет өткен республикалық имамдар форумы.
«Ислам-бейбітшілік пен келісім діні» атты республикалық имамдар форумына ауданымыздан, ауданымыздың бас имамы Батырбек қажы Жақсымбетұлы қатысып қайтты.
Имамдар форумын жан-жақты талқылау мақсатында шұғыл іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, ауыл елді-мекендегі мешіт имам-молдалары, діни қызметкерлер бас қосып жиын өтті.
Бас имам форумдағы көтерілген маңызды қабылданған құжаттар жайында сөз қозғады. Айтулы форум жиынында 1. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», 2. «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерлерінің қызметтік этикасы», дін қызметкерлерінің міндетті-ел бірлігіне, ұлт тұтастығына қызмет жасау. Жоғарыдағы аталған мәселе бойынша қабылданған құжаттарды әрқайсысына жеке тоқталып, талдау жасады.
Имам-молдалар ҚМДБ-ның форумында тұңғыш қабылданған тақырыптарға әр қайсысы өз ой-пікірлерін жеткізіп, бұл қабылданған іс-шараға қолдау білдіріп, келешекте форумында көрсетілген бағытты ұстанып, халық бірлігі үшін аянбай еңбек етеміз деп, бір ауыздан құптады.
«Меркі-ата» мешіті