Өткен аптаның 19-шы жұлдызында Астана қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен асыл дініміздің құндылықтарын дәріптеуде ел тарихында тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты I республикалық имамдар форумы өткізілген болатын.
ҚМДБ өткізен бұл форумында қабылданған 4 маңызды құжаттар еді олар «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі».
Осы жиналысқа қатысқан Шу ауданының бас имамы Мусаев Қуандық өз ауданына қарасты ауыл молдаларын жинап «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту бағдарламасымен және жоғарыда айтылған 4 маңызды құжаттар жөнінде жеке-жеке тоқталып кеңінен түсіндіріп өтті.
Ауыл молдалары осы ҚМДБ-ның жүйелі жұмысын қолдап, дәстүрлі дінді дұрыс ақпараттандыруға көп әсерін тигізетіндігін айтып, бұл тұжырымдамаларды қолдауға әбден лайық екенін айтты.
Шу ауданының бас имамы Мусаев Қуандық жиын барысында ауыл молдалары осы бағдарлама бойынша өз жұмыстарын ары қарай жетілдіру керектігін айтты.
Ғалым Есіркесінұлы,
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы.