ШУ қаласында имамдар бас қосты

ШУ қаласында имамдар бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу қалалық «Жами» мешітінде қала имамдарымен кездесу өтті. Жиналыстағы негізгі мақсат ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен ақпан айының 19 –шы жұлдызында Астана қаласындағы Бейбітшілікпен келісім сарайында өткен, «Ислам – бейбітшілікпен келісім діні» атты І – Республикалық имамдар форумын жеткізу.

Форумда негізінен ҚМДБ-ның тарапынан қаралған Қазақстан мұсылмандарының ТҰҒЫРНАМАСЫ, ҚМДБ-ның қызмет Этикасы, Имамның тұлғалық келбеті, және Мұсылманның тұлғалық бейнесі тақырыптары жеткізілді.

Қала имамдарына Форумда қабылданған төрт бағдар бойынша Қуат Дүйсенбайұлы жете түсіндіріп, имамдық қызмет этиканы және имамның тұлғалық келбетіне терең тоқтала кетті. Өйткені халықпен тығыз байланыста болу үшін, имамның  көзі ашық, көкірегі ояу болып, уақыт талабына сай, асыл дінімізді насихаттауда, халыққа жеткізе білу үшін, жеке тұлғалық қасиеттерімен жамағатқа, қоғамға үлгі болу.

Әрбір имам бойында табылуға тиіс білімділік, парасаттылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, жұмсақтық  жан-жақтылық болу керектігін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: