Облыстық үгіт-насихат тобы Меркі жерінде

Облыстық үгіт-насихат тобы Меркі жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі жеріне облыстан келген дінтанушы топ мүшелері  облыстық діни істер басқармасының бас маманы Кузембаев Ғани,  ТарМПИ философия және саяси әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушысы, дінтанушы Тұрғанқұлов Таңжарық, облыстық «Һибатуллла Тарази» мешітінің найб имамыТілмәнбетов Таңат, дінтанушы қызметкерлер, аудан әкімшілігі ішкі саясат қызметкерлері, кәриелер, аудан және ауыл жастары, мектеп оқушылары мен ұстаздармен кездесулер ұйымдастырып, олармен бетпе-бет жүздесті.Бұл кездесулер №9 кәсіби колледжде, Андас, Жаңатоған ауылдық округтерінің мәдениет үйінде болды.

Топ мүшелері соңғы кездесулерін Жеміс-жидек ауылындағы №44 орта мектебінде жалғастырды. Бір күн ішінде 4 кездесу ұйымдастырған облыстық үгіт-насихат тобының негізгі мақсаты, Ислам дінінің құндылықтары, дінмен тығыз байланысып жатқан салт-дәстүріміздің ара-жігін ажыратып, ежелгі ата-бабаларымыздың кәзіргі күнге шейін жалғасын тауып, ұрпақтары ұстанып келген дін және дәстүріміздің кейінгі кезде кейбір жас буындар мойындамай, басқа елдің дәстүріне еліктеп анау болмайды, мынау болмайды, дінде жоқ нәрсе деп ел ішінде іріткі салып, елдің санасын, сан әлекке салып жүрген қаракөз бауырларымыздың бұл әрекетіне тосқауыл қою амалдарына тоқталды. Өз туып өскен дерімізге, елімізге топырақ шашпайық-дегенг Тұрғанқұлов Таңжарық бүкіл әлемді жайлаған терроризм мен экстремизм жайына тоқталып, шет мемлекеттерде болып жатқан оқиғаларды мысалға келтіріп, өзгеге еліктемей, көре алмай жүрген жаман ниеттілердің көңілінен шықпау үшін өз-өзімізге берік болуға шақырды. Ислам діні жаман әрекетке қарсы тек ынтымақ пен бірлікті жақтайтын дін. Қатысқан жамағат дән ризашылықтарын білдіріп, әдеттегідей сұраққа жауап алып тарқасты.

Аудандық «Меркі-ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: