Студенттермен кездесу өтті

Студенттермен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық «Қордай» мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қордай» гуманитарлы- экономикалық колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Алясов, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы, студенттер және колледж оқытушылар құрамы қатысты.Кездесудегі уағыз барысы «Ислам және жат ағымдар» атты тақырыпта өрбіді. Кездесу барысында Д.Жандосұлы тыңдармандарға Ислам сөзінің мағынасын кеңінен ашықтап түсіндіріп беріп, осы дін шапанын жамылып жүрген, дініміздің негізгі құндылықтарына қайшы әрекет етіп жүрген «тәкфир уаль хиджра» және «хизбут тахрир» сынды топтардың іс-әрекеттеріне тоқталып, қандай да бір ағымдардан сақтанып, олардың құрбаны болмас үшін діни сауат арттыру қажеттігін жеткізді. Дәуренбек Жандосұлы жасөспірімдерге салауатты өмір салты мен ғылым-білімге құштарлықтарын оятып, ізеттілік пен рухани тазалыққа бастайтын тағылымды уағыздар айтты.Наиб имам білімнің қадыр-қымбаты жайлы тұщымды ой қозғап, әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымет қатар, студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Аудандық «Қордай мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: