Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Шу ауданы М.Мақатаев атындағы қазақ орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Оған Шу аудандық «Төлеби» мешітінің бас имамы Мусаев Қ аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары дінтану пән мұғалімдері қатысты.
Шара барысында бас имам Мусаев Қ Ислам діні бейбітшілікті, бірлікті, ынтымақты көздейді дей келе, кеңес үкіметі кезінде «құдай жоқ» деп, Алланы жоққа шығарды. Соның кесірінен азғындық өрге шауып, имандылық жойыла жаздады. Қазіргі ата - аналардың көпшілігі, әрине барлығына топырақ шашуға болмайды, дегенмен «баламның тамағы тоқ, көйлегі көк» болса болды, «ол кіммен дос, ғаламтордан не көріп жүр?» деп ойланбайды және мән бере қоймайды. Осының әсерінен жасөспірім бала «өзім білемге» салынды. Естеріңізде болсын, ондай қараусыз баланың ғаламтор желісіндегі теріс ағымдарға деген қызығушылығы оянуы әбден мүмкін. Өйткені, қазіргі таңда идеология арқылы адамдардың санасы улануда. Дін аясында кездесетін келеңсіз оқиғалардан мысалдар келтіре отырып, теріс ағымдардан сақтану керектігін айтты.
Кездесу барсында оқушылар тарапынан әр-түрлі сұрақтар қойылып, оған толымды жауаптарын алып жатты.
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы