Шу қаласындағы мешіттердің жолға қойған бағыттарының бірі қайырымдылық жасау. Қазақта қолы ашықтың жолы ашық дегендей, Шу қаласындағы «Жами» мешітінде әруақытта жағдайы төмен отбасыларға жәрдем көрсетіліп келуде. Атап айтар болсақ қала тұрғыны Рахымбаев Абайға 10 мың теңге, Алимходжаев Асқарға 10 мың теңге ақшалай және де Нуржанова Айнұрға азық түліктей жәрдем беріліп ұялы телефон сыйға тарту етілді.
Мешіт қызметкерлері қайырымдылық жасауға жәрдем беріп жүрген қолы ашық жандарға Алланың нұры жаусын деуде.