Форум тақырыбы ауыл молдаларына жеткізілді

Форум тақырыбы ауыл молдаларына жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен І Республикалық имамдар форумы өтті.

Форумаға барып,қатысып қайтқан Т.Рысқұлов ауданың бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы кезектен тыс ауыл молдарымен жиналыс өткізді. Бас имам өз сөзінде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздің түпкір-түпкірінен келген 500-ге жуық имамдары, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, елімізге танымал дін ғалымдары жиналғаның. Сонымен қатар форумның қонағы ретінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, бірнеше шет мемлекеттердің исламдық діни ұйымдарының басшылары, қатысқаның айтып өтті.

Сондай-ақ бас имам Сұлтаншәріп қажы ауыл имамдарына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің жолдаған құттықтау хатында «форум отандық мүфтият қызметіне тың серпіліс беріп, дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешудегі имамдардың рөлін арттыруға себін тигізеді деген сенімін» білдірген.
Ел Президенті имамдарды діни тұрақтылықты нығайту, өскелең ұрпақты дін атын жамылған теріс ағымдар ықпалынан сақтау жолында табанды жұмыс жүргізуге шақырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар ҚМДБ ның Бас мүфтиі Ержан Малғажыұлының форумға қатысушыларға берген баяндамасын толығымен айта кетті.
Жиналыс соңында Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар бірауыздан қабылданғаның және әр ауыл молдасы осы сипаттармен сипатталу керек екендігін ескертті.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: