Меркі ауданында діни топ мүшелерінің атқарған іс-шаралары.

Меркі ауданында діни топ мүшелерінің атқарған іс-шаралары.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде «Дін және қоғам» және асыл діннің атын жамылып, әсіресе болашақ ұрпақтарымыздың санасын улап жүрген пайдасынан зиянын қоғамға тигізіп жатқан жат ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы діни білімі жеткілікті имам-молдалардың қатысуымен топ құрылған.

Осы топ мүшелері жыл басталысымен, іске кірісіп, Ойтал ауылы №12 мектеп, Сарымолдаев округі ю9 мектеп, №1 орта мектеп, Ақтоған ауылындағы №4 орта мектепте кездесулер ұйымдастырып қайтты.

Кездесу барысында негізгі қозғалған мәселелер, болашағынан үміт етіп отырған жасөспірімдеріміздің санасы уланбай, түрлі адам өміріне керекті, қоғамға зияны тимейтін саналы адамзат болу. Қазіргі уақытта талабы жастарымыз үлкепн білім иесі болу, әрине тәрбие мәселесі басты назарда болу керек. Адам қоғам ортасында сый-құрметке ие болам десе ең алдымен көркем мінез иесі болу, сабырлы, өзінің жүріс-тұрысын, сөйлеген сөзіне шейін ұқыпты болу керек, және бір айтатын жәй қандайда істе не бір шешім қабылдауда бірінші ақылға салып, бір өзің шеше алмасаң үлкендермен, дін мәселесі жөнінде болса діни қызметкерлермен келіскен жөн болады.
Кездесу барысында көптеген жүрек қалауында жүрген шешімін таппай жүрген сұрақ-жауап алды.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: