ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Алимұхамедұлы Тараз қаласындағы мешіттердің имамдарымен жиналыс өткізді.
Кездесуде оқу-ағарту саласына қатысты біршама мәселелер айтылды. ҚМДБ-ның оқу-ағарту саласы бойынша жолданған Тұжырымдама мен Тұғырнама баяндалып, талқыланды.
Тұжырымдама аясында бекітілген бағдарламалар бойынша сауат ашу курстарын ұйымдастыру баян етілді.
Сауат ашу курстарында тәлім-тәрбие алып отырған тәлімгерлердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың білім деңгейін тексеріп, саны емес, сапасының маңыздылығын айқындау басты мәселе екендігі баса айтылды.
Сонымен қатар, үздік әрі білім деңгейінің көрсеткіші жоғары тәлімгерлерге сертификат беру арқылы олардың білімге деген құштарлығын арттыру ұсынысы да айтылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі