Тараз қаласында орналасқан Мемлекеттік №1 колледжінде «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» атты кездесу өтті. Кездесуге колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.
Аталмыш басқосуға қалалық «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қуанышбеков Қанат Орынбасарұлы қатысып, Ислам дінінде лаңкестік іс-әрекет жасауға тиым салынғаны туралы біраз уағыз айтып, баяндама оқыды.
Кездесу соңында ұстаздар мен студенттер сұрақ қойып, тиісті жауап алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі







15 Тамыз 2026
1 Раби-авваль 1448

