Облыс Өкіл имамы тапсырмасына орай аудан көлемінде мешіт жамағаттарымен кездесіп сұхбат жасап сұрақтарына жауап беру үшін мешіттер аралануда. Бұл игі шара шалғай елді мекендерде орналасқан мешіттерден басталды. Осы аптада Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы арнайы Жалпақ саз елді мекеніндегі халқымен намаз өткізіп, кездесу үшін ауыл жамағатына ҚМДБ-ының патуаларын, үндеу тапсырмаларын, уағыз насихаттарын жеткізіп қайтты. Кездесу намазхана ғимаратында өтті. Кездесу мешіттің тыныс тіршілігімен танысумен басталды. Алдыңғы келген кездесуден соң мешіт ғимаратының ішкі сыртқы жағдайы едеуір өзгерген, әрленген, ақталған, қолдан жасалған жылыту пешін орнатқан. Намаз біткеннен кейін бас имам жамағатқа ҚМДБ-ының тапсырған төрт бағыт жайлы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлы хазіретіміздің биылғы жылы «Дін және дәстүр» жылы үндеуіне кеңірек жеткізіп, шеттен келген теріс пиғылды ағымдардан абай болып, олардың көріністерімен айтатын сөздерін айтып берді. Сондай ақ мазхаб жайлы және мазхабымыз «Имам Ағзам Абу Ханифа р.а» жайлы да қысқаша мағлұмат берді. Сұхбат соңында имам жамағат сұрақтарына жауап берді.
Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер