«Дін және жастар»

«Дін және жастар»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7-шілдедегі №581-11 «ЖАСТАР САЯСАТЫ» заңын жүзеге асыру мақсатында Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жиналыс залында «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталмыш іс шараға Ақтөбе ауылдық округінің әкімі А.Заппаров, Ақтөбе ауылдық округі әкімінің бас маманы К.Хайралапов,жастар бөлімінің меңгерушісі И.Сыдығалиев және ауыл молдалары Абилдаев Жайнар,Хидирбаев Сейтмахан,ауыл ақсақалы Сайлау қария және мектеп оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында дәстүр арқылы санамызға сіңісіп қалған асыл дініміз Исламның құндылықтары туралы ашық әңгімелер қозғалды.Ақиқатында Ислам діні ақылдың,ғылымның ,тазалықтың,бейбітшілікпен береке бірліктің,ақиқатпен парасаттың,адамгершілікпен ұяттың ардың діні ғой .Жат ағымдар сипаттаған бұзғыншылықпен,соғыс,террормен өлшеусіз қатыгездіктің не айрандай ұйып отырған елдің ішін іріткі туғызатын жанжалшылдықтың жолы емес.Жастармен пікір алмасу бағытында Ислам дінінің осы құндылықтарына баса назар аударылды.Рухани сұхбат өз нәтижесін келешекте береді деп үміт етеміз.

Жамбыл облысы
Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: