Діни экстремизм және терроризмнің қатері тақырыбында кездесу өтті

Діни экстремизм және терроризмнің қатері тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданындағы  Аса ауылында орналасқан  "Жеңістің отыз жылдығы" мектебінде жастармен кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемалар зерттеу» орталығының маманы Ерзат Жакейпов қатысты. Оқушыларға «Діни экстремизм және терроризмнің қатері» тақырыбында дәріс өткізді.

Ислам діні бойынша ата-ана балаларына жас кезінен бастап жақсы-жаман және күнә-сауап нәрселерді үйрету, түсіндіру, әрбір іс-әрекетін қадағалау керек. Сондықтан да, бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеуден басталады.
Ата-анаңа қалай құрмет көрсетсең, өз балаңнан да солай құрмет көрерсің. Өз балаңыздан қандай жақсылық күтсеңіз, ата-анаңызға сондай жақсылық істеңіз. Себебі не берсеңіз, соны аларсыз .Не ексеңіз, соны орарсыз. Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаңда өзіңе емес пе. «Ата-ана не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ақ жаулықты, ақ шашты өз аналарымыз бен данагөй қарияларымызды ардақтайық, көңілдеріне қаяу, жүректеріне қайғы салмайық, ағайын! Кездесуде сұрақтарға жауап берілді.

Әмірбеков Әбдіразақ,

«Бәйдібек» мешітінің
наиб имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: