«Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Алимұхамедұлы Жамбыл облысына қарасты барлық аудан бас имамдарының басын қосып, кезекті жиналыс өткізді.
Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Соның бірі – мешіт-медреселердегі оқу-ағарту саласын жандандырып, шәкірттер мен талапкерлерді білім саласына мықтап тарту керектігін бас имам Данияр қажы талап етті. Әсіресе, сауат ашу курстарында шәкірттерді деңгей-деңгейге бөліп оқыту әдісін енгізіп, шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру керектігін де тапсырды.
Аудандар мен ауылдарда орналасқан мешіттерді заңдастыру ісін қадағалап, мешіт мүліктерін тіркеу тапсырылды. Сонымен қатар, «Иман» және «Ислам және өркениет» журналына жазылу деңгейін көтеру мәселесі де қаралды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі