Имандылық тәрбие негізі

Имандылық тәрбие негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық ішкі істер және аудандық «Қордай» мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен № 31 Қақпатас ауылдық орта мектебінде кездесу өтті. Кездесу қылмыстың алдын алу және имандылық тәрбие негізі атты тақырыптарда өрбіді. Кездесуге аудандық ІІБ –ның инспекторлары Е.Күнжаев, Ж.Түпчақов қатысса, аудандық «Қордай» мешіті тарапынан наиб имам Д.Жандосұлы, мектеп ұстаздары, ата-аналар және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Бірінші тақырып бойынша полиция қызметкерлері жаңадан күшіне енгізілген әкімшілік және қылмыстық кодекстеріне түсіндіріп, сабаққа келмеу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс жөнінде тоқталып өтті. Имандылық тәрбие негізі бойынша наиб имам Д.Жандлосұлы уағыз айтып, ұрлық жасау жөнінде және оның зиянды жақтарын ашып көрсетті. Өскелең ұрпақ арасындағы уақытты үнемдеу, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізу, суицид жайлы мәселелерді қозғап, 11-шы сынып оқушыларына ҰБТ мен өмір тоқтап қалмайтынын түсіндіріп, үміт үзбей білім алуға шақырды. Д.Жандосұлы бүгінгі күнгі өзекті мәселе жат елдің мерекесі болған «Валентин» күнін тойлау жайлы, оның зардаптары жайлы айтып, зинақорлық тақырыбына тоқталып өтті. Ата-аналарға арнайы діннің тәрбие негізі екенін түсіндіріп, ата-ананың баласының алдындағы міндеттерін түсіндірді. Ата-аналар, ұстаздар өткізілген жиыннан көп әсер алғанын айтып, разы болған күйінде тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: