ҚМДБ Жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің облысымыздағы өкілі Ержан Аманбаев Жамбыл облысы әкімідігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығымен» біріге отырып, Тараз медициналық колледжінде «Діни терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы да қатысып отырды. Сөз алған бас имам Данияр Әлимұхамедұлы жастарға қазіргі уақытта ең өзекті мәселелеге айналған діни эктремизмнің Ислам дінімен мүлде байланысы жоқ екендігін, Ислам діні – бейбітшілік, ынтымақ, бірлік діні екенін айтып өтті. Кездесу соңында жастардың сұрақтарына жауап беріп, мешіт дайындаған «Имам Ағзам» және «Адал еңбектің Исламдағы маңызы» атты арнайы бүктемелер таратылды.