Кезекті басқосу

Кезекті басқосу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша имам-молдалар әдет бойынша кезекті айлық жиналыста аудандық «Қордай» мешітінде бас қосты. Жиналысты аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы жүргізді. Көтерілген мәселелер қатарында мешіт құжаттарының реттелу барысы анықталып, бұл мәселеде артта қалып отырған имамдарға тиісті тапсырмалар берілді. ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен төрт бағыт бойынша жұмыс жоспары талқыланып, осы бағыттағы жұмыс үдерісін күшейту қажеттігін дін мамандарының қаперіне салды Д.Жандосұлы. Жұма уағыздарында ҚМДБ бекіткен тақырыптардан ауытқымай кесте бойынша жұма уағыздары өткізу қатаң түрде имам-молдаларға тапсырылып, жылдық жұма уағыз жоспары таратылды. ҚМДБ тарапынан берілген Жұма уағызы 2, діни іс-қағаздар жүргізу үлгісі кітаптары және жылдық күнтізбе таратылды. Жиналыстан кейін Д.Жандосұлы дүнген ұлт имам-молдаларына орыс тілінде семинар өткізді. Семинар барысында ҚМДБ-ның жұмыс бағыттары, неке және т.б с.с мәселелер түсіндірілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

\

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: