Мүбарак болған мәулід айы аяқталса да еліміздің түп-түпкірінде әлі меркелік іс-шаралар өтуде. Қордай ауданына қарасты Қасық ауылдық «Құдайберген» мешітінің ұжымыда мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік шараға Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, Қасық ауылдық округінің әкімі А.Әбдібаев, ауыл тұрғындары және мешіт имамдары қатысты. Мереке қасиетті Құран оқумен басталды. Сахнаға бірінші аудан имамы Ә.Шалбай шығып жиналған қауымды мәулідпен құттықтап, оның маңызына тоқталып өтті. Құрманғазы атындағы консерваториядан арнайы шақырылған Серік және Нұртуған бауырларымыз күй орындап берсе, айтыскер ақын Қ.Мырзаханов толғандырған термемен, Қырғызстан эстрада жұлдызы Турдақын Алла елшісі туралы ән орынтап елдің көңілінен шықты. Өнер майталмандарының «пайғамбарға сағыныш» атты көрінісі халықтың ерекше ықыласына бөленді. Келген қонақтарға мерекелік іс-шаралар барысында дастархан жайылды. Дастархан басында «пайғамбарға сағыныш» және «дүние жалған» атты бейнероликтер көрсетілді. Мәулід мерекесіндегі орын алған жайттарды «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасы түсіріп кетті. Жиналған қауым ұйымдастырушылардың еңбегін жоғары бағалап, дән риза болып қайтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі