«Дін және қоғам»

«Дін және қоғам»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық ішкі саясаттың жат ағымның алдын алу негізінде жылдық жұмыс жоспары бойынша ішкі саясат және оқу бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырыбында ауыл молдаларының қатысуымен Жуалы ауданы, Ертай ауылындағы Малик Ғабдуллин атындағы орта мектебінде оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Ертай ауылы «Құлбайымбет» мешітінің молдасы Байболов Изетбек және көрші ауыл «Көлтоған» ауылының молдасы Сметов Асет және мектеп қызметкерлері,мектептің тәрбие жөніндегі меңгерушісі,тарих және дінтану мұғалімдері,мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Жиылыста дін және қоғамның сабақтастылығы әңгіме өзегіне айналды.Зайырлы заңдылықпен діннің үйлесімі,дәстүрлі діннің маңыздылығы,қазақи дәстүрмен діннің тұтастығы,жат ағымның асыл дініміз Ислам негіздерімен қарама-қайшылықтары т.б осы сияқты қоғам мәселелері қозғалды.Дін туралы сұрақтар қойылып,тұшымды жауаптар берілді.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: