Бас имам "Айтқұл баба" мешітінің жамағатымен жүздесті

Бас имам "Айтқұл баба" мешітінің жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жұма күні қаладағы «Айтқұл баба» мешітінің жамағатымен кездесіп бекітілген тақырып бойынша уағыз айтты.

Еңбек етумен адал табыс табудың маңызы жайында Жаратушы Иеміз қасиетті Құранда «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» - деп бұйырған. Ал, атамыз қазақ болса «Еңбек етсең емерсің» немесе «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деп айтқандай, дініміз Ислам адам баласын әруақытта маңдай термен табысты адалынан тауып, тура жолға жұмсауға бұйыратынын айтты.
Соңынан бас имам «Айтқұл баба» мешіті ашылғалы бері молдалық қызмет атқарып келген Бақыт Базарбайұлы өз еркімен жазған өтініші бойынша молдалық қызметтен босағанын жеткізіп, аталған мешітке 20 жылға жуық «Жәми» мешітінде найб имам болып қызмет атқарған Қамаубаев Шаттық Жексенұлы ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен тағайындалғанын айтып, осы уақытқа дейін қызмет атқарған Бақыт Базарбайұлына алғысын білдіріп, жаңадан тағайындалған имамға жұмысында табыстар тіледі.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: