Бала кезімізде ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің “Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық.
Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл қылықтарына күле қарап, кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтінбіз. Сөйтсек қарттар сөзінің жаны бар екен.
Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық.
Қалай дегенде де Алланың берген ғұмырын әркім өз ақыл-парасатымен мәнді етпек Қариясы бар үйдің қазынасы бар дейді бабаларымыз осы аталы сөзді ескере отырып аудандық мешіттің бас имам Джадраев Сұлтаншәріп қажы Жалпақсаз ауылының жасы үлкен қариясы Таубай атаның үиіне барды.
Дастархан басында кеше ғана қоштасқан «Мәуліт» мерекесі, қазіргі кездегі белең алып жатқан жат ағымдар және тағы басқа мәселер туралы сөз қозғалды. Қазақ қашанда қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Елбасы әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік. Шындығында да өсетін елдің өнегелі ұрпағы дария-теңіз – қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. «Үйдегі қарияң — жазып қойған хатпен тең», демекші, қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем болары хақ.
Әбілда Мейірханов,
әскери зейнеткер.
Т.Рысқұлов ауданы