Тәубаға келу

Тәубаға келу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы  Б.Момышұлы орта мектебінде оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы және мектеп директоры Жазира Әбденбек қатысты.

Алғашқы сөз аудан имамына берілді. Алла тағала Құран Кәрімде бұйырды:« Ей мұсылмандар барлығыңыз Алла тағалаға тәубе қылсаңыз ғана құтыласыз»,- деді.

Яғни тәубаға келу дегеніміз істеген күнәдан ақталу. Денеміз бен киіміміздегі кірді сумен жуып тазаласақ, ішіміздегі күнә істермен кірлеген жандүниемізде тәубә қылу арқылы тазалайды екенбіз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты. «Ей, адамдар, Алла тағалаға тәубе етіңіздер және одан кешірім тілеңіздер. Мен күніне жүз рет тәубе етемін»,-деді.


Дана халқымыз «Жас кезде қылған тәубеңіз тасқа басқан таңбадай, өлер кезде еткен тәубеңіз топыраққа салған таңбадай» деп те бекер айтпаған. Себебі құр топыраққа таңба, белгі салсаңыз соққан жел оны ұшырып кетер.

Сол себепті қартаяр уақытты күтпей, өлер кезде Алладан кешірім сұрап тәубеге келе салам ғой деген жаңсақ оймен уақытты бекер өткізіп күнә іспен айналысып күнәһар болмайық.

Ә.Әбдіразақ, 

"Бәйдібек" мешітінің найб имамы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: