Дініміздің құндылықтары насихатталды

Дініміздің құндылықтары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық мекемелерде дін тақырыбындағы бірнеше кездесулер өтті. Дінді дұрыс түсіну тақырыбындағы кездесу аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының ұжымымен өткізілді.

Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, басқарма жетекшісінің орынбасары Е.С.Сыбанбаев, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Алясов және мекеме ұжымы қатысты. Кездесу барысында наиб имам Д.Жандосұлы дініміздің негізгі қағидалары мен ұстанымдары жайлы сөз қозғап, теріс пиғылдағы кейбір топтардың тоеологиялық қателіктеріне тоқталып өтті. «Жиһад» және «шаһид» сияқты ел аузынан түспейтін сөздерге түсініктеме беріліп, олардың ақиқи мағынасын ашықтап берді.

Келесі кездесу ішкі саясат бөліміне қарасты, «жастар орталығы» ұжымымен өтті. Дін маманы Д.Жандосұлы жастар саясатын іске асырып отырған жас мамандарға асыл дініміздің құндылықтарын уағыздап, жақында ғана аяқталған мәулід мерекесінің шығу тарихына тоқталып, ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) өмірі жайлы сыр шертті. Д.Жандосұлы қамтыған тақырыптардың ішінде жастар арасында белең алып бара жатқан суицид, зинақорлық, нашақорлық жайлы да сөз қозғады.

Наиб имам Д.Жандосұлының ерекше тоқталып өткен өзекті мәселенің бірі, мұсылман қауымын толғандыратын, жастар арасында ерекше орын алып бара жатқан «Валентин күнін» тойлау жайлы болды. Аталмыш мерекенің асыл дінімізге де, сол дініміздің сарқыншағы болған дәстүрімізге де жат екенін айтылып, оның зияны жайлы дәйекті дәлелдер келтірілді. Өзге діннің тозығын емес, озық болған өз дініміздің мерекелеріне көңіл бөлу жайлы да пікірлер айтты дін маманы. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға мысалдармен, дәлелдермен жауаптар қайтарылды. Жастар арасында дін жайлы оң түсінікті қалыптастыру мақсатында бірлесе жұмыс атқару бойынша да уағдаластықтар орын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: