Кеше Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Алимұхамедұлы және ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Аят Дыбысұлы Тараз қаласына іс сапармен келген ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагельдиев мырзаны арнайы күтіп алып, қалада орналасқан халал шаруа қожалықтарының жұмыстарымен таныстырды.
Кездесуде Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагельдиев Тараз қаласында орналасқан «Ақ-Ниет» және «Дас» шаруа қожалықтары шығаратын халал шұжықтардың дайындалу барысын тамашалап, жұмыстарымен танысты.
«Ақ-Ниет» шаруа қожалығы халал шұжық шығарумен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Қожалықта арнайы қасапхана бар. Қожалықтың барлық шарттары шариғат талаптарыны сай.
Сонымен қатар, «Дас» шаруа қожалығы да халал шұжық өнімін дайындаумен айналысады. Бұл қожалықтың бір ерекшелігі тек тауық етінен ғана шұжық өндіреді. Екі шаруа қожалығының жұмыстары да көңілден шықты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі