Бас имам мектеп оқушыларымен кездесті

Бас имам мектеп оқушыларымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық  мешітінің бас имамы  Джадраев Сұлтаншәріп қапжы  №4 мектебінің   оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында бас имам Джадраев Сұлтаншәріп қажы  бүгінгі күні қоғамдағы жастар арасындағы өршіп бара жатқан түрлі жағымсыз қылықтар жөнінде айтып, жаман әдеттерден аулақ болуды, және дұрыс бағытпен жүруді, ата-ананы құрметтеуді, ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан ислам дінін уағыздап ынтымақ пен бірлікке шақырды. Және де ислам дінінің адамзатты ынтымаққа, өзара түсіністікке, бір-біріне деген сүйіспеншілікке бастайтындығын, сондай-ақ, Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің басым көпшілігі бірлік пен бауырмалдыққа шақыратындығы айтып түсіндіріп берді.

Шара соңына қарай оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын имамға жолдап, толымды жауаптар алды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары бас имамға алдағы уақытта осындай мәні мен мазмұны терең кездесулерді жиі өткізіп тұруын өтінді.

Әбілда Мейірханов

әскери зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: