Орыс ұлтының үш бірдей азаматы мұсылман атанды

Орыс ұлтының үш бірдей азаматы мұсылман атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінде орыс ұлтының  үш бірдей өкілі Ислам дінін қабылдады. Анна, Наташа және Оля есімді қыздар өз еркімен Алланың жердегі қасиетті үйі мешітке келіп, Ислам дінін қабылдағысы келетінін айтты. Мешітке келген өзге ұлт өкілдерін Жәми мешітінің ұстазы Парахат Рахатұлы қарсы алып, оларға тартымды уағыз айтып, Асыл дініміз исламның құндылықтарын түсіндіріп, дініміз адамдарды нәсіліне, ұлтына қарай бөлмей, барлығына бірдей қарайтындығын жеткізді. Оған қоса мұсылман болудың жолдарын түсіндіріп, ең бірінші иман келтіру яғни кәлиманы айтып, Алланың бірлігіне, жалғыздығына және Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ның Алланың құлы әрі елшісі екендігіне сеніп, оны тілмен айту керектігін түсіндірді. Олар шын исламнан нәр аламыз деп келген ықыластарын білдіріп қуана кәлиманы айтып, мұсылмандардың ауызбірлігіне, барлығы бірдей жұма күні жиналып құлшылық жасайтындарына қызыға қарайтындарын айтып, Исламды бұдан да бұрын түсінгенімізде ғой деп, өкініштерін білдіріп анасы мен екі қызы қуана үйлеріне қайтты.

«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: